• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
17 Қараша, 2016

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы  №273

241 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 25 маусым, Астана қаласы Қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін бекіту туралы «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 7-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қайта өңдеу өнімдерінің тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің міндетін атқарушы М.МЫРЗАҒАЛИЕВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _____________ Б. Сұлтанов 2016 жылғы «___» __________ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 25 маусымдағы №273 бұйрығымен бекітілген ҚР МӨЗ-де Өңдеу өнімдерінің тізбесі № Атауы СЭҚ ТН коды Физикалық-химиялық көрсеткіштері2 Нормалары1 1 Тікелей айдау нафтасы мен оған ұқсастар 2710 12 110 9 2710 12 150 9 1) Тығыздығы 20оС кезінде 2) Фракциялық құрамы: Қайнаудың басталуы Қайнаудың аяқталуы 3) Күкірттің құрамы 4) Нақты шайыр құрамы 5) Йод саны 6) Қорғасын құрамы 7) Азот құрамы 8) Қышқылдығы 9) Механикалық қоспа мен судың құрамы 10) Еритін қышқылдар мен сілтілердің құрамы 11) Түсі 0,690 г/см3 төмен емес Нормаланбайды 205оС жоғары емес 0,1 % масс. аспайтын 2,0 мг/100 см3 аспайтын 1,0 г /100 г аспайтын Жоқ 2,0 салм. ррм аспайтын 1,0 мг аспайтын КОН 100см3 Жоқ жоқ мөлдір, түссіз 2 Керосин-газойлдік фракция және оның ұқсастары 2710 19 110 9 2710 19 150 0 2710 19 310 0 350 0 1) Тығыздығы 20оС кезінде 2) Фракциялық құрамы: 50 % температура кезінде айдалады 95 % температура кезінде айдалады 3) Күкірттің құрамы 4) Қату температурасы 5) Механикалық қоспа мен судың құрамы 6) Еритін қышқылдар мен сілтілердің құрамы 7) Қышқылдығы 0,860 г/см3 аспайтын 280оС жоғары емес 360оС жоғары емес 0,2 % масс. аспайтын минус 10ºС жоғары емес жоқ жоқ 5,0 мг КОН/100см3 аспайтын 3 Тікелей айдау мазуты 2710 19 510 1 2710 19 550 1 19 620 1 1) Фракциялық құрамы: 360оС –дейін шығу 2) Күлділігі 3) Ашық тигілдегі жарқыл температурасы 4) Күкірттің құрамы 5) Судың құрамы 6) 360оС дейін фракцияның бромды саны 8% аспайтын 0,05% аспайтын 110оС төмен емес 1,0 % масс. аспайтын 0,15 % масс. аспайтын 5,0 г /100 г аспайтын 4 Вакуумдық газойль және оның ұқсастары 2710 19 510 9 2710 19 550 9 19 640 9 1) 20оС кезіндегі тығыздығы 2) Фракциялық құрамы: 350ºС-ға дейін фр. шығу температурасында 50 % айдалады 3) Күкірттің құрамы 4) Коксталуы 5) Металл құрамы (Ni+V) 950 кг/м3 жоғары емес 400ºС төмен емес 10 % об. аспайтын 2,0 % масс. аспайтын 0,3 % масс. аспайтын 3,0 ppm аспайтын 6) Түсі 7) Механикалық қоспа құрамы 8) Судың құрамы 5,0 ед. ЦНТ аспайтын 0,02 % масс аспайтын іздер 5 Гудрон 2713 90 900 0 1) Коксталуы 2) Шартты тұтқырлығы ВУБ-та 80ºС кезінде 8 % -ден төмен емес 25-тен 80 сек дейін. 6 Топтың ірік-телген мұнай өнімдерінің қоспасы ІМҚ 3 2710 91 000 0 2710 99 000 0 1) Механикалық қоспаның массалық үлесі 2) Судың массалық үлесі 1,0 % аспайтын 2,0 % аспайтын Ескертпе: 1. ЦНТ – ЦНТ маркасының колориметрде түсті өлшеу бірлігі; 2. ВУБ – ВУБ маркасының шартты тұтқырлығын анықтау аппараты; 3. .Өңдеу өнімдеріне физика-химиялық көрсеткіштер бойынша нормалар Қазақстан Республикасы мұнай өңдеу зауыттарында (ҚР МӨЗ) кіріс бақылауын жүргізу үшін белгіленген; 4. ҚР МӨЗ-дермен уағдаласа отырып, қосымша физика-химиялық көрсеткіштері бойынша нормаларды белгілеуге жол беріледі; 5. Тізбенің 1-5 тармақтарында көрсетілген өңдеу өнімдерінде екінші рет өңделген өнімдердің болуына жол берілмейді. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №14017 болып енгізілді.